25 Қар 2020
Рəміздер

Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында жасалған жұмыстар жөніндегі анықтама

№19  Қ.Сәтпаев атындағы мектеп -гимназиясы бойынша Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында жасалған жұмыстар жөніндегі  анықтама

 

 

Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау және құрметтеу бағытында №19  Қ.Сәтпаев атындағы мектеп -гимназиясы бойынша түрлі жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.

Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырау жиынындарында ту салтанатты түрде енгізіліп шығарылады. Сыныптарда алғашқы сабақ “Мен елімнің патриотымын!” тақырыбына арналып «Мәңгілік ел» идеясы, «Рухани жаңғыру» аясында  және рәміздерді қадірлеуге арналды.

7-9-10 сыныптар арасында «Мәңгілік ел – Қазақстан!», «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» «Ата  заңым асқақты», 3-4 сыныптар арасында  «Рәмізім- мақтанышым»  тақырыбында  сынып сағаттары  өткізілді.

Мектепалды  дайындық топтары мен   2- сыныптар арасында «Ана тілге-мың құрмет»!тақырыбында  ертеңгілік  өтті.

«Мәңгілік ел  ұландары» атты сынып сағаты, «Арайлы,  айбынды Астана»  тақырыбындағы 7-8 сыныптар арасында өткен    мерекелік шара   мектебіміздің тәлімгері Есенбаева Мөлдірдің ұйымдастыруымен  өтті.

Ақпан айында  Рәміздерді насихаттауға арналған шара аясында   1-11 сынып оқушылары арасында жалпы лездеме өтті. Лездеме Мемлекеттік Рәміздерің маңызы мен мәнін айқындай түсті. Патриоттық сезімді оятқан видеолар көрсетіліп, әндер шырқалды.

Мамыр айында қалалық білім бөлімінің хатына сәйкес  4 маусым Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері  күніне орай  жоспар жасақталып, сыныптарда шаралар өткізілді. «Қазақстан-Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнмен айбатты» атты сынып сағаты 5-6 сыныптарда өткізілді.

Мемлекеттік гимн  мектепішілік олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатында орындалды.

«Мемлекеттік нышандар-елдіктің белгісі» салтанатты жиыны 24 мамыр күні өтті.

25 мамыр күні соңғы қоңырау салтанатты жиынында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, гимн орындалды. Ту салтанатты түрде енгізіліп, жиын соңында шығарылды.

Лагерь  демалушылары үшін 3 мамыр «Бұл-біздің Ту! Бұл-біздің  Гимн! Бұл-біздің Елтаңба!» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілсе,  4 маусым Рәміздер күніне орай гимн орындалып,  «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»  атты мерекелік шара өтті.

4 маусым күні мектепте бірыңғай гимн орындау шарасы да өткізілді.Мектеп кітапханасында «Рәміздер – мақтанышым!» тақырыбында  арнайы бұрышжасақталған.

Мектепте мемлекеттік рәміздер мектеп директорының кабинетінде, мектептің дәлізінде және қазақ тілі, тарих, АӘД кабинеттерінде орналасқан.

Барлық сыныптарда жоспарлы сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары өткізіледі. Мектептің №5  педагогикалық кеңесінде  2019 жылдың 2 сәуірр күні  рәміздердің насихатталу жайы қаралды.

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.