№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында 1 мамыр- Қазақстан халқы бірлігі күні, 7 мамыр- Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні мерекелері ұйымшылыдықпен кеңінене аталып өтті. Өтетін шаралардың жоспары жасалып , тапсырмалар жауаты ұстаздарға таныстырылды. Мектеп кітапханашысы А. Гумарова «Қазақстан-достық мекені» кітап көрмесін, дене шынықтыру пәні мұғалімі Сахуалин Аралбай 8 сыныптар арасында «Мен, сен,ол бәріміз-тұтас елдің сәніміз» спорттық эстафетасын өткізссе, «Қазақстан-достық шаңырағы» интеллектуалды сайысын 6 сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Бақытова Әдемі өткізді. 5-8 сыныптар оқушылары «Қазақстан- достық мекені» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. Бастауыш сыныптарда «Бірлігіміз жарасқан» , жоғары сыныптар арасында «Қазақстан-достық шаңырағы» фестивлі өтті. Шараның мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие бере отырып, Қазақстандағы ұлт бірлігін дәріптеу және қадірлеуге шақыру. Шараға 5-9 сынып оқушылары үнді, өзбек, қазақ, орыс, грузин ұлттарының ұлттық киімдерін, өнерін көрсетіп, тағамдары мен түрлі бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Өткізілген шаралар жоғары деңгейде өтті.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeId994817dea6
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерекелік лездеме өтті. Мерекелік лездемеде оқушылар ұландар туралы өлең оқып, би биледі. Күй тартып, әсем ән шырқады.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeIdf95a1cc72b
Мектебіміздің ер-азаматтарын құттықтау «Ел қорғаны-ер жігіт» тақырыбында өтті. Қыздар азаматтарды мерекемен құттықтап, көрініс қойып, ән шырқап, би биледі. Мерекенің жалғасы фокус топтар арасында өткен «Екі жұлдыз» байқауымен жалғасын тапты. Сайыс соңында мектептің кәсіподақ ұйымы қатысушыларды Алғыс хаттармен , сыйлықтармен марапаттады. Ер-азаматтарымыз қыздардың дайындаған концертінен демалып алғыстарын жаудырып тарқасты.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeId8fb506fa2d
Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мерекесіне «Ұраққа ұран болған Ұлы Жеңіс» тақырыбы аясында түрлі шаралар өтті. Жалпы шараның мақсаты Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп,Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету. Өскелең ұрпақты Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту. «Мың алғыс сізге, Ардагерлер» соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу өтті. Еңбек және тыл ардагері Айжамал әжемен және соғыс ардагері Түсіпәлі Әлібек атамен мектебіміздің ұстаздары мен мектеп оқушылары кездесіп ардагерлерге өнерлерін көрсетті. Үлкен кісілердің өнегелі әңгімесін тыңдап, бастасын алып қайтты.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeId89c9d14f87
Мектеп кітапханашысы А. Гумарова оқушыларды «Отты жылдар» кітап көрмесімен таныстырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Бейнелеу пәні мұғалімі Қ. Қиматов 5-8 сыныптар «Ұлы Жеңіс жасасын!» суреттер бұрышын шығарды.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeIdfcdcdbf185
«Еске алу қабырғасы». Мектеп оқушылары соғыста ерлікпен қаза тапқан отандастардың ерліктеріне тағзым етіп, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып қайтты.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeIdfecfbdc790
Сыныптарда « Желбірей бер, Жеңіс туы мәңгілік» тақырыбында сынып сағаттары. тәрбиелік шара , өнеге сағаттары өтті.
«Ерлікке мәңгілік тағзым» мерекелік шара мектеп акт залында өтті.Соғыс жылдарынан көріністер қойылып, әндер шырқалды. Нақышына келтіріліп көркем сөздер оқылды.
{gallery}19-satpaev/janalyqtar/9{/gallery}
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7611-%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B3%D0%B5-%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%80.html#sigFreeIdc5dd382d6c
ДТЖО: Г: Мукашева М. Рысқалиева
