№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының әкімшілігі және «Жас Ұлан» ББЖҰ –ның оқушылары 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай еңбек ардагері Айжамал әжемен кездесті. Оқушыларды үлкенді құрметтеуге, сыйлауға үйрету мақсатында ұйымдастырылған кездесу барысында өнегелі әңгемелірмен сыр шертіліп, ұстаздармен оқушыларға бата берілді.
Өз кезегінде, еңбек ардагері мектеп әкімшілігіне құрмет көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
