19 Қар 2022
Жаңалықтар

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ

Жаңа 2022-2023 оқу жылына орай мектеп формасы талаптарын назарларыңызға ұсынамыз:

  1. Мектеп формасының түсі: қара көк (темно-синий)
  2. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде. Ұлдарға арналға шалбарлар кең тігілген және ұзындығы тобықты жауып тұруы керек. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.
  3. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет,ақ жейде, юбка (ұзындығы тізеден төмен болуы қажет). Аяқ киім яғни классикалық үлгідегі туфли (өкшесінің ұзындығы 2-3 см аспауы тиіс).
  4. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.
  5. Әрбір ата-ана өндірушіні таңдауда тәуелсіз және мектеп формасын кез-келген нарықта, дүкенде немесе жеткізушілерден сатып алуға құқылы.
  • Мектеп формасына түрлі конфессияға жататын діни элементтерді енгізуге тиым салынады.

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.