12 Тамыз 2022
Жаңалықтар

ВАКАНСИЯ! КОНКУРС!

"Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес бос лауазым орындарына конкурс жариялайды.

Конкурс төмендегідей лауазымдар бойынша өтетін болады.

1.Әлеуметтік педагог (1орын, тұрақты);

(Аталған лауазым бойынша еңбек өтілі болуы керек) (Жалақы 102000 теңге-109000 теңге аралығы. Еңбек өтіліне байланысты)

2.Тәлімгер (1 орын уақытша, декрет орны);

(Жалақы 102820 теңге-126977 теңге аралығы. Еңбек өтіліне байланысты)

3.Кітапханашы (1 орын тұрақты);

(Жалақы 72050 теңге-89247 теңге аралығы. Еңбек өтіліне байланысты)

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттар тізбесін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.. электронды поштаға жолдайды.

1)Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс 2022 жылдың 17 тамыз күні, сағат 10.00 да мектеп ғимаратында өтеді!

Атырау қаласы, Авангард 2 мөлтек аудан 19а

Телефон: 8-71-22-21-02-55, 8-702-518-43-79

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

"Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің "Жалпы білім беретін №19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп- гимназиясы" коммуналдық мемлекттік мекемесі

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.