№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жүргізілген жұмыстарға анықтама 2018-19 оқу жылы
№19 Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында іс-шаралар жоспары жыл басында бекіп, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Денсаулық» фестивалінде мектеп дәлізінде «Біз спортты сүйеміз» ұранымен физминут, флешмоб өтті. «Жас Ұлан» ұйымы шағын топ ата-аналарымен спорттық шара ұйымдастырды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің « Зиянды әдеттерден аулақ болайық» тақырыбындағы дөңгелек үстелі оқушылар арасында пікірталас туғызып, ой саларлық жиын болды. Сонымен қатар, «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Айықпас дерт », «Денсаулық – зор байлық» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. 5-6 сынып , 7-8 сынып қыз балаларына «Жеке бас гигиенасы» тақырыптарында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульнара Темірболатқызы, «Шұғыла» қыздар ұйымының жетекшісі Айтжанова Ақбөбек, педагог-психолог Асанова Майра, медбике Уразгалиева Алия қатысты. Қыздарға жеке бас тазалығы мен жас жеткіншектер арасындағы жүктіліктің алдын алу төңірегінде әңгіме өрбітілді. Оқушы қыздар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Денсаулық бұрышы үнемі жаңа ақпараттармен толықтырылып отырады.
Мектеп пен орталық арасындағы байланыс негізінде 8 сыныптарға «Тұмау туралы не білесің?» сұрақ-жауап кеші, 7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты сыныптарға «Тұздың аздығы-өмірге жақсы» тақырыбында диктант өтті. «Денсаулық және менің отбасым» сурет байқауы өтіп қатысқан оқушылар марапатталды.
