Қалалық білім бөлімі, Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының 2020 жылғы 21 қазандағы №711 хатына сәйкес “Отан-менің өзімде” тақырыбындағы Отбасылық, патриоттық тәрбие беру бағытындағы жобаның “Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” тармақшасына сәйкес ағымдағы жылдың 23 қазан күні мектебімізде “Қыз бала тәрбиесі-халықтың ең қымбат байлығы” тақырыбында “Аналар мектебі” мүшелерінің және қыз балалардың қатысуымен қашықтықтан “сырласу сағаттары” өтті. Сырласу сағатына сыныптардың “Аналар кеңесі” төрайымы, ата- аналар комитеті төрайымы, “Жауқазын” қыздар кеңесінің төрайымы және сыныптардағы қыз тәрбиелеп отырған аналар қатынасты. Сырласу сағатында қыз баланың тәрбиесіне қатысты мағыналы әңгімелер,түрлі бейнероликтер көрсетіліп, ата-ана мен қыздар өз ойларымен бөлісті. Қыз тәрбиесіндегі ананың рөлі туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
https://shkola19-atyrau.edugov.kz/janalyktar-19-satpaev/7641-%E2%80%9C%D2%9B%D1%8B%D0%B7-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0-%D1%82%D3%99%D1%80%D0%B1%D0%B8%D0%B5%D1%81%D1%96-%D1%85%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D0%B5%D2%A3-%D2%9B%D1%8B%D0%BC%D0%B1%D0%B0%D1%82-%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D1%8B%D2%93%D1%8B%E2%80%9D.html#sigFreeId5769473846
