№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясының «Мектепке жол» акциясы бойынша көрсетілген көмек жөнінде анықтама
2020-2021 оқу жылы
№19 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-гимназиясында «Мектепке жол акциясын» ұйымдастыру жолында – тамыз айынан бастап мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасы санатына жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 қаулысына қосымша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары» туралы қаулы бойынша ата-аналардан құжаттар жиналған болатын.
Жиналған құжаттар мектептің «Қамқоршылық кеңесіне» салынып,сараланып,жинақталды.
«Мектепке жол акциясы» шеңберінде тамыз айында 55 балаға оқу құралдары сатып алынып, таратылды.
Қашықтықтан оқытуға байланысты, ата-аналарға көмек ретінде тамыз айында 55 білім алушыға (24 отбасы) 35 000 (отыз бес мың) теңге көлемінде, осы суммада қыркүйек айында 77 балаға (39 отбасы) мектептен қаржылай көмек көрсетілген болатын.
«Мектепке жол» акциясымен Төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде, уақытша мерзімге,ата-аналар қолхаты бойынша мектеп білім алушыларына,соның ішінде 30 отбасыға компьютер берілді.
Әлеуметтік педагог: Даумова Г.
