25 Қар 2020
Жаңалықтар

«Зарина- мектеп мақтанышы»

№19  Қ. Сәтпаев  атындағы мектеп-гимназиясында  шахматтан Шри-ланкада өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері, «Блиц», «Классика» номинациялары бойынша қола  медаль жүлдегері, «Үздік спортшы-2018»  сайысының 2- орын иесі, спорт шеберінің кандидаты, Азия Чемпионы 3 «А» сынып оқушысы Нұрғалиева Заринамен «Зарина- мектеп мақтанышы» тақырыбында кездесу кеші  өтті.

Кездесу мақсаты оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және болашақ спортшы жастарға жол сілтеу. Кездесуге Заринаның  бапкері Аманов Жәнібек Қамбарбекұлы, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар   қатынасты. Жас болса да осындай жетістікке жету жолындағы қиындығы мен қызығын Зарина оқушыларға әңгімелей  отырып, оқушыларды спортқа қатысуға  шақырды. Шахматтың қыр сырын жалықпай үйретіп, бірнеше сайыстарға қатысуға мүмкіндік берген Заринаның  бапкері Аманов Жәнібек Қамбарбекұлы да оқушыларға  спорттың қиындығынан қорықпай ел намысын қорғауға шақырды. Келген қонақтарға оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.