Қалалық білім бөлімінің
басшысы Ф.Шаңгерееваға
№19 Қ.Сәтпаев атындағы
мектеп – гимназия әкімшілігінен
Анықтама
Қалаық білім бөлімінің 2018 жыл 12 желтоқсан № 03-04-01-12/2295 санды хатына орай , мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігінің қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытына байланысты шаралар оқу жылының басында жасақталып, сынып ата-аналары мен оқушыларына таныстырылды.
Мектеп бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы №01-4-12-3/633 хаты негізінде Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ортаны қамтамасыз ету туралы ережесін негізге ала отырып, 2018-2019 оқу жылына аранлған іс – шаралар жоспары жасақталып, жауапты тұлғалар бекітіліп жұмыс жүргізілуде.
Сыныптарда арнайы сынып сағаттарында, ұжым жиналыстарында және үнемі тоқсандық ата-аналар жиналыстарында қауіпсіздік шаралары туралы айтылып отырады. Каникуль кездеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі туралы ата-аналар жиналыстарында арнайы ескертіліп, танысқандығы жөнінде белгі алып отырылады.
Мектеп бойынша 41 бейнекамера, оның 31 ғимарат ішінде, 10 ғимарат сыртында орналастырылған. Бейнекамераның жады мерзімі 30 күн. Арнайы журналы ашылып, бекітілген тұлға жүргізеді. Қазіргі таңда барлық бейнекамера жұмыс жасауда. Мектеп инспекторы мен арнайы кезекші және вахтер 1 қабатта мектепке келушілерді үнемі қадағалап, мектепке келушілерді тіркеу журналына жазылу арқылы құжатпен кіргізу жүйесі енгізілген. Мектеп кіреберісінде арнайы турникет орнатылып, жұмыс жасауда.
Қалалық білім бөлімен келген хат негізінде қамқоршылық кеңес жиналысы өтіп, күн тәртібінің бір мәселесі оқушылардың өмір қаіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Мектеп қауіпсіздігін оқушыларының қадағалау және жалпы қауіпсіздік шараларын жан жақты жүргізу жұмыстары жүргізіле береді.
Мектеп директоры: А.Қ.Мырзағалиев
Орындаған:М.Рысқалиева
